$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент зообағы 5 Пржевальский жылқысын еркіндікке жіберді

Шымкенттегі хайуанаттар бағында тұрған бір үйір Пржевальский жылқысы Жетісудағы «Алтынемел» ұлттық қорығының аумағына жіберіледі. Зообақта туып-өскен төрт бие мен бір айғыр еліміздегі ең үлкен табиғи паркке дейін көлікпен жеткізіледі деп мәлімдеді Хабар-24 телеарнасы.

Жануарларды жолай мал дәрігерлері бақылап отырады. Маңғол тұқымдас аттар бойы аласа болғанымен шыдамды. «Қолға қарағаннан гөрі еркіндікте жүргенді жақсы көретін жануарлар табиғи ортаға тез бейімделеді», - дейді мамандар.

Нұрғазы Бұқарбаев, «Шымкент зообағы» МҚК басшысы:

- Табиғатта ол Моңғолияның бір жерінде ғана бар екен. Қалғанының бәрі зообақтарда. Қазақстанда да болған баяғыда. Қазір қайтып көбейтіп Қазақстан аумағына жібереміз ба деген ғылыми жұмыстар болып жатыр. 5 бастың 4-еуі аналық, біреуі айғыр. 1 аналығы буаз майдың басында ол сол жаққа барып, Алтынемелде алғашқы төлін береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары