Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне сауда ойын-сауық кешенін, жылжымайтын мүлікті басқару компаниясын және фитнес клубтар желісін берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қайрат Боранбаев тағы 30 млрд теңгені өз еркімен Білім беруді қолдау қорына аударды
Қайрат Боранбаев құны 1,4 млрд теңдеген асатын қонақүй кешенін мемлекетке қайтарды
Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.
Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС. Almaty Towers бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Fitnation» фитнес-клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті.
Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Бұл нысандардың барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану жоспарлануда.
Активтерді қайтару жұмыстары жалғасуда.