Соңғы жаңалықтар

еңбек министрлігі

Еңбекмині Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің тұжырымдамасына ұсыныстар жинауды жалғастыруда

ұл қазақстандықтарға өмір бойы берілетін мемлекеттік көмектің түрлері мен көлемін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Сізге «42500 теңге төленбейтіні» туралы хабарлама келсе, не істеу керек?

Жазған шағымыңызды .doc форматында және қажет болса, бас тартудың заңсыздығын дәлелдейтін басқа құжаттарды қоса тіркеңіз.

Еңбек министрлігі жаңа жылдық корпоративтің орнына балаларға ертеңгілік өткізеді

Министрлік ұжымы мұқтаж отбасылардың балаларына таңертеңгілікті және сыйлықтарды ұйымдастыруға ерікті түрде қаражат жинады.

АТТЫҢ ЖЕМІН ЖЕП, ЕСЕКТІҢ ЖҮГІН КӨТЕРУ...

«Хабар», «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы телеарналары мен «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттеріндегі әріптестеріміз «мыналар неге үзілді-кесілді сөйлейді-ей» деп ренжімей-ақ қойсын, бүгінде қазақстандықтардың басым көпшілігі олар ұсынған дүниелерді көрмейді де, оқымайды да. «Көрмейді де, оқымайды да» дегеніміздің өзі барынша әдеп сақтап, жұмсақ айтылған әңгіме, отандастарымыздың ішінде оларды өлердей жек көретіндері де, қолына билік берсеңіз осылардың бәрін бір-ақ сағатта жауып тастап, қызметкерлерін тентіретіп жібергісі келетіндері де аз емес. Біз бұл әңгімені аты аталған БАҚ-тарда қызмет істеп жүрген әріптестерімізді жек көргеннен немесе олардың мемлекеттік ақпарат құралдарында жұмыс  істеп жүрген бағын көре алмағаннан, күндегеннен айтып отырғанымыз жоқ. Елдің арасына жиі шығуға тура келеді, сол сапарларда әлеуметтің көңіл-күйінен бағамдағанымызды айтып отырмыз. Қоспасыз.