$ 445.66  474.58  4.78

Алматыда полиция көлігі 9 жасар баланы қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда полиция көлігі жаяу жүргінші жолында 9 жастағы баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz куәгерлерге сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жангелдин көшесінің бойында Рысқұлов даңғылымен қиылысының маңында бүгін таңғы уақытта болған.

"Бала жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан. Екі көлік тоқтап, баланы өткізіп тұрған. Яғни Жангелдинде екі жолақ - жоғары қарай (Оңтүстік) және бір жолақ қарсы бағытта (Солтүстік) - автобустарға арналған жол. Осы қарсы бағыттағы жолмен полиция көлігі жүріп келе жатып, жоғары жылдамдықпен баланы қағып кетті", - деді оқиғаның куәгерлері.

Куәгерлердің мәліметінше, полицейлер басқа бір көлікті қуып бара жатқан кезде баланы қаққанын түсіндірген.

"Олар баланы көлікке салып, 4-ші ауруханаға алып кетті. Кейін олар жол апаты болған жерге қайтып кедді, қазір көлік сол жерде тұр", - деді куәгер.

Ауруханадағылар жол апатынан зардап шеккен 9 жастағы баланың жеткізілгенін растады. "Оған алғашқы көмек көрсетілді. Қазір балалар ауруханасына ауыстырамыз. Оның жағдайы тұрақты", - деді Алматы қалалық №4 аурухананың өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео