$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекетке активтерін қайтарған Боранбаевтың жазасы жеңілдей ме

ҚМА төрағасы орынбасарынан басқа олигархтардан активтерді қайтару қашан жүргізілетінін және заңсыз алынған активтерді қайтару есебінде Боранбаевтан басқа кімдер тұрғаны сұралды.
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазангапов
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазангапов

Олигарх Қайрат Боранбаевтың мемлекетке қыруар қаражат және жылжымайтын мүліктерді қайтарды. Енді сотталған Боранбаевтың жазасың жеңілдей ме? Бұл сұраққа  Қаржы мониторинг агенттігі өрағасының жуырда ғана тағайындалған орынбасары Дмитрий Малаховтан жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚМА төрағасының орынбасары Боранбаевтың өз активтерін осылайша кезеңдеп қайтаруын жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі деп атады.

Малаховтың айтуынша, сотталған кәсіпкердің мемлекетке қайтаратыны әлі бар де бар. "Боранбаевтың жазасы жеңілдей ме?" деген сұраққа Малахов бұл соттың құзыреті екенін айтты.

Сондай-ақ, журналистер ҚМА төрағасы орынбасарынан басқа олигархтардан активтерді қайтару қашан жүргізілетінін және заңсыз алынған активтерді қайтару тізімінде Боранбаевтан басқа кімдер барын сұрады.

ҚМА жұмысының ерекшелігіне байланысты бұл адамдар бізге белгілі, сондай-ақ олардың иелігіндегі, соның ішінде шетелдегі мүліктері де белгілі. Белгілі бір тұлғалар бар әрбір қылмыстық іс бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Малахов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары