$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Боранбаев түрмеден шығатын болды

Ол пробациялық бақылауда болады.
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекетке активтерін қайтарған кәсіпкердің жазасы өзгертілді. Енді оның бас бостандығын айыру жазасы шектеу шарасына ауыстырылды. Ол пробациялық бақылауда болады.

Сот келесі мән-жайларды ескере отырып, Боранбаевтың арызын қанағаттандырды:

- сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;

– мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;

- қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.

Еске салсақ, биыл наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған. Ал қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарған болатын. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары