$ 443.37  474.49  4.83

Елімізде докторантура грантын иеленгендердің тізімі жарияланды

Жалпы орын саны – 712, оның ішінде нысаналы орын – 107.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттар тізімін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75.

Тізімге 49 білім беру мекемесі енген. Жалпы орын саны – 712, оның ішінде нысаналы орын – 107.

2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу туралы сертификатпен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет

Толық тізімді көру үшін сілтемеге өтіңіз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары