$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО полицейлері 3 айдан бері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ІІБ қызметкерлері 3 айдан бері іздеуде жүрген 28 жастағы күдіктіні ұстады деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Ұсталған азамат 2016 жылдың желтоқсанында танысын пышақтап, өзі оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленген 26 жастағы жергілікті тұрғын ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсіп, ұзақ уақыт ем қабылдапты. Ал, ұсталған күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша іс қозғалып отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жалпы, 2017 жыл басталғалы бері ОҚО-ның полицейлері іздеуде жүрген 37 қылмыскерді ұстаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары