$ 443.35  475.54  4.82

Криштиану Роналду карьерасы қашан аяқталатынын айтты

Роналду «Әл-Наср» сапына 2023 жылдың 2 қаңтарында қосылған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Сауд Арабиясының клубында өнер көрсетіп жүрген Криштиану Роналду карьерасы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Prosports.kz мәліметінше, «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының клубында ойнауды жалғастырғысы келетінін айтқан. 

Жанкүйерлер мені бақытты қылады, мен оларға солай жауап беремін. Осы және келесі маусымда ойнай беремін, кейін өз денеме қарап, жалғастыра аламын ба, жоқ па, ойланармын. Мені осы деңгейге жеткізген – ауыр жұмыс, – деді Роналду.

Роналду «Әл-Наср» сапына 2023 жылдың 2 қаңтарында қосылған.

Оның клубпен келісімшартына сәйкес, жалақысы 200 миллион еуро құрайды. Келісімшарт 2025 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген. Осы маусымда шабуылшы 11 гол соғып, Сауд Арабиясы чемпионатының үздік сұрмергендері тізімінде көш бастап тұр.

38 жастағы шабуылшы бес дүркін «Алтын доп» иегері. Португалия құрамасы сапында ол Еуропа чемпионатын (2016) және Ұлттар лигасын (2018/19) жеңіп алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары