$ 441.66  475.14  4.86

Ақмола облысында тасжолдарды қар басып қалды

Температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты.
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты.

Ауа-райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылды. Алайда демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан машиналарға механикалық зақым келді. 

Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырады. Өзара сыйластық пен тәртіп - жолдағы қауіпсіздіктің кепілі және апатты азайту мәселесіндегі шешуші факторлардың бірі, делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары