$ 495.2  522.34  4.94

Газа секторындағы жарылыста Қазақстан азаматы қайтыс болды

Отандасымыздың 23 жасар қызы да опат болған.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Газа секторында Қазақстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Сонымен қатар, отандасымыздың 23 жасар қызы да опат болған. 
 
«2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. 
Өкінішке орай, онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қайтыс болды», делінген хабарламада. 
 
Отандасымыз  Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары