$ 442.05  474.14  4.74

ДДСҰ Қазақстанға 860 миллион теңге қаражат бөледі

ҚР мен ДДҰ арасындағы келісім екі жылға созылады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға 860 миллион теңге бөлінеді. Бұл қаражат ДДСҰ-ның еуропалық өңірлік бюросымен ынтымақтастық туралы келісім аясында еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында бөлінбек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сақтау министі Ажар Ғинияттың айтуынша, қол қойылған ДДСҰ-ның еуропалық өңірлік бюросымен ынтымақтастық туралы келісім аясында денсаулығымызды сақтауды дамытуға 1,8 млн доллар бөлу туралы шешім қабылданды.

Қомақты қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу, медицина кадрларын оқыту, халықпен ақпараттық жұмыс және басқа да бағыттар үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталады.

ҚР мен ДДҰ арасындағы келісім екі жылға созылады.

Конференцияға қатысушылар алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуды қолдауға оң пікір білдірді. Делегаттар алғашқы медициналық-санитарлық көмектің базалық қызметтерін кеңейту, азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инвестицияларды ұлғайту пайдасын көрсетті. Сондай-ақ мемлекет, үкімет басшылығы тарапынан ең маңызды жоғары саяси қолдау қажет, - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары