$ 494.87  520.65  4.91

Министр балалардың өлімі туралы айтты: Балаларды жалғыз қалдыруға болмайды

Қазіргі уақытта комиссия жұмыс жүргізіп жатыр.

Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Аягөздегі өрт салдарынан қайтыс болған 4 баланың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақыпованың айтуынша, балаларды жалғыз қалдыруға болмайды.

«Бұған дейін Астанада, Жамбылда болған оқиғаға бәріміз куә болдық, қазір Аягөзде орын алды.Қазіргі уақытта комиссия жұмыс жүргізіп жатыр.

Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді, анасы азық-түлік алуға шығып кеткен. Балалар үйде жалғыз қалған. Негізі балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Сондықтан қазіргі уақытта комиссия өз шешімдерін шығарады. Біз тек қана – психологиялық қолдау көрсетіп жәрдемдесе аламыз», - деді Еңбек министрі.

Айта кетейік, бұған дейін Аягөз қаласында тұрғын үйден өрт шығып, 4 бала қайтыс болды. Аталған отбасының әлеуметтік көмек алмайтыны айтылған. Жергілікті әкімдік 4 баланың анасынан «жәрдемақыдан өз еркіммен бас тартамын» деп жаздырып алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары