Қазақстандық өндірісті дамыту қажет.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға қымбат болcа да, отандық өнімді алуды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осылайша министр халықты импорттық өнімдерден бас тартуға шақырды.
Бұл жерде тепе-теңдік болуы керек. Егер тек импорттық заттарды сатып алсақ, өз өндірісіміз дамымайды, жұмыс орындары пай болмайды. Импортқа тәуелді болып қалған кезде олар бағаны көтере береді. Ал бізде басқа нұсқа болмай, соған көнуге мәжбүр боламыз. Сондықтан қазақстандық өндірісті дамыту қажет, – деді министр.
Қуантыровтың өзі костюмін отандық тауар өндірушілерден 90 мың теңгеге сатып алған.
Костюмді көрдіңіз бе? Бұл – қазақстандық өндіріс. Біз оған инвестиция салуымыз керек, – деді министр.