Бала тәрбиесіне әсер ететін үш жақты фактор бар. Олар: отбасы, мектеп, қоғам.
Белгілі ұстаз, ұлт жанашыры Аятжан Ахметжан «Qasqa Jol» ютуб-каналына берген сұхбатында бала тәрбиесі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аятжан мырзаның айтуынша, бала тәрбиесіне әсер ететін үш жақты фактор бар. Олар: отбасы, мектеп, қоғам.
Неге қазақ тілінде сөйлейтін ата-ананың баласының тілі орысша, ағылшынша шығып жатыр. Өйткені үшінші жұрттың салмағы артып кетті.
Біздің тәрбиеміздің 90 пайызы отбасынан болды. Ал, қазіргі балалардың тәрбиесінің 90 пайызы қоғамға ауысып кетті. Ата-ананың әсер ету мүмкіндігі 4-5 пайыз, мектептің әсер ету мүмкіндігі 4-5 пайыз. Бұл дұрыс емес. Бірақ, бұдан құтыла алмайтын жағдайға жеттік.
Олай болса, біз бағанағы ата-ана беретін, мектеп беретін 4-5 пайыз тәрбиені, (мұнда қазақы тәрбие екенін айтайық) қоғам арқылы баланың алдынан шығаруға міндеттіміз.
Яғни, youtube-ке қазақи контент жасау, бұрынғы Ер-Төстіктерді бүгінге ыңғайлап комикспен беру секілді амалдарын жасауымыз керек, дейді ұстаз Аятжан Ахметжанұлы.