$ 487.24  529.34  5.02

Түркістан облысында шетелдік азаматтың жүк көлігінен есірткі табылды

Тәртіп сақшылары айғақты затты сараптамаға жіберіп, нәтижесінде гашиш екені анықталды. 

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында шетелдік азаматтың жүк көлігінен есірткі табылды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Polisia.kz мәліметінше, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Б.Қонысбаев бекетінде есірткі заттарын заңсыз тасымалдады деген күдікпен шетел азаматын ұстады. 

Өзбекстан Республикасына бет алған Volvo жүк көлігінің жүргізушісі, яғни шетелдіктің құжаттарын тексеру кезінде көлікте тұрған киімінің қалтасынан есірткі затына ұқсас затты тапты. 

Тәртіп сақшылары айғақты затты сараптамаға жіберіп, нәтижесінде гашиш екені анықталды.

Күдікті, яғни Өзбекстан азаматы қосымша тергеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық полицияға жеткізілді.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексі 286-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары