$ 447.4  477.55  4.76

Кенияда алып питон 70 келілік гиенаны жұтып қойды (ВИДЕО)

Кениядағы Масаи-Мара қорығында 4 метрлік алып питон салмағы 70 келі тартатын гиенаны жұтып қойды. Бұл көріністі бейнекамераға голландиялық турист Джос Баккер түсірген және National Geographic телеарнасында көрсетілді.

Қорық қызметкері Майк Ковальскидің айтуынша, питондар жыртқыштардың балаларымен жиі қоректенеді екен. Бірақ, ересек жыртқышты бұлайша жұтып жіберуі өте сирек кездесетін құбылыс дейді ол. Бейнероликті зерттеген мамандар алып питонның ұрғашы гиенаға өзі барып атылғанын анықтап отыр.

Иероглифті питон атанып кеткен осынау жыландардың ұзындығы 6 метрге дейін, салмағы 90 келіге дейін жетеді. Ол өскен сайын маңайындағы тіршілік иелеріне қауіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары