$ 441.66  475.14  4.86

Үкімет басшысы: Биыл қазақстандықтар наннан тарықпайды

Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті.

 

Фото: https://web.telegram.org/k/#@KZgovernment
Фото: https://web.telegram.org/k/#@KZgovernment

Елімізде егін жинау науқаны аясында республиканың нан мен ұнға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті астық жиналды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Премьер-Министр биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болғанын атап өтті.

Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті.

Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді.

Қолайсыз ауа-райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті, — деді Әлихан Смайылов.

Ол отандық фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілгенін еске салды.

Тағы да атап өткім келеді. Ішкі нарықта бидаймен проблема болмауы керек. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген, — деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы заманауи суару технологияларын енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүруде. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет, — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары