$ 444.32  473.33  4.76

Еліміздің бірқатар жанармай бекеттерінде бензин тағы қымбаттады

Қазқстанның бірқатар жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы тағы өсті деп жазады Tengrinews.kz.

Мәселен, Helios компаниясының бекеттерінде АИ-92 мен АИ-95 маркалы бензин 1 теңгеге қымбаттаған. Бұған дейін 142 теңгеге сатылып келген АИ-92 енді - 143 теңге, 154 теңгеге сатылып келген АИ-95 - 155 теңге. Ал, АИ-98 бұдан былай 165 теңгеге, АИ-98 Prime 173 теңгеден сатылатын болады.

"Қазмұнайгаз" жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 2 теңгеге қымбаттаған. Жуырда ғана 139 теңгеден 141 теңгеге өскен бензин бағасы бүгінде 143 теңгеден сатылып жатыр. АИ-95 болса 155 теңгеге дейін өсті.

Sinooil, Royal Petrol және "Лукойл" жанармай бекеттерінде бензин бағасы әзірге өзгеріссіз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары