$ 444.22  476.38  4.82

Шымкенттік жеңгетай әр жезөкше үшін 2000 теңгеден алып отырған

Шымкенттік полицейлер 30 жастағы жеңгетайды қолға түсірді. Ол әр қыз үшін клиенттерден 2 мың теңгеден алып отырған деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Күдікті әйел «Стоп-трафик» рейдтік шарасын жүргізу кезінде қолға түскен. Аталған шара адам саудасын анықтауға және алдын алуға бағытталған дейді тәртіп сақшылары.

1987 жылы туған күдікті қаладағы сауналардың бірінде жұмыс істеген. Клиенттерге ол жеңіл жүрісті қыздар алдырып, әр қыз үшін тиісті ақшасын алып отырыпты. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті.

Жалпы, осы рейдтік шара барысында полицейлер 40-қа жуық жезөкшені ұстап, тіркеуге алды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл басынан бері жезөкшелер притонын ұйымдастырған 11 қылмыс тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары