$ 494.87  520.65  4.91

Ерболат Төлеген артық салмақтан қалай арылғанын айтты

Ол аз уақытта 20 келі салмақ тастаған.

Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасынан скрин
Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасынан скрин

Әзілкеш Ерболат Төлеген "Ұйқым келмейді" бағдарламасында сырт келбетіндегі өзгеріс туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол аз уақытта 20 келі салмақтан арылған. 

"Біреулер "ауру" деді. "Қатерлі ісік емессің бе" деді. Керісінше, аяқтағы, желкедегі ауру жоқ болып кетті. Бұрын ұйқыдан тұрып, таңғы асты ішіп, қайта ұйқым келетін. Біреулер "Қатты арықтап кеттің" дейді. 20-ақ келі салмақ тастадым. 2010 жылдары 110, 115, 118 келідей болғанмын. Одан бері қарай арықтап келе жатырмын. Соңғы екі жылда 20 келіге арықтадым. Біреулер "Асқазаныңды кішірейтіп тастадың ба?" дейді. Маған асқазанымды кішірейтіп керегі не? Диета ұстадым", - деді Ерболат Төлеген.

Айта кетейік, осыған дейін Ерболат Төлегеннің бар табысын анасына беретіні белгілі болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары