$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК Сирияда террористік топтар құрамында болған қазақстандықты елге қайтарды

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

 

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкен.

Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды.

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.

Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары