Тасқынды таңдау себебім: ол барлық жағынан жоғары болды. Ол мәдениеті, салмақты еді.
Қазақстан халық әртісі Роза Рымбаева келін болып түскен кезін есіне алып, сыр ақтарды. Айтуынша, ол Оқап атасының екінші келіні. Әнші кезінде ауылда тұрып, үйдің шаруасын ұршықша иірген екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші үй шаруасын қалай істегені туралы «Алғашқы» бағдарламасында айтып берді.
Тасқынның тірі кезінде ауылға талай концертпен бардық. Елу жылда қандай сахнада ән айтпадым? Мен үшін ерекше сахна керек емес. Ең бастысы, техника болса, халық алдымызда отырса, әнімізді шырқай береміз. Ауылда келінбіз. Оқап атамыздың бес келіні болды. Мен екінші келінімін. Сиыр да сауамыз, бауырсақ та пісіреміз, аула да сыпырамыз. Тасқынды таңдау себебім: ол барлық жағынан жоғары болды. Ол мәдениеті, салмақты еді, – деді Роза Рымбаева.
Ал әншінің қайын сіңлісі Роза Рымбаеваның алғаш рет келін боп түскен кезін еске түсірді.
Ауылымызда үнді фильмі болады. Роза келін боп түскен күні, фильмнен шыққан бүкіл халық біздің аулаға жиналды. «Роза келе жатыр» дегенді естіген ғой. Ағаларымыз ешкімді кіргізбеуге тырысты. Ол кезде екі бөлмелі ғана үйіміз болған, – деді Роза Рымбаеваның қайын сіңлісі.