$ 494.87  520.65  4.91

Астана полицейлері әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын ескертіп отыр. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласының Полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлайды (Кісі өлтіру). Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, - деп жазылған ПД таратқан мәліметте.

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын ескертіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары