$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда 63 бала қызылша жұқтырған

Науқастардың 81,1%-ы қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шығыс Қазақстан облысында биыл 63 бала қызылша жұқтырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жыл басынан бері қызылша жұқтырған 74 адам тіркелді. Ауырғандардың басым бөлігі, нақты айтқанда 85,1%-ы 14 жасқа дейінгі балалар (63 жағдай).

Науқастардың 81,1%-ы қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған. Оның ішінде 17 пациент жоспарлы вакцинация жасына жетпесе, 16 адамда медициналық қарсы көрсетілімдер болды. Ал 23 адам вакцина салдырудан өз еркімен бас тартса, 4 адам екпе алу мүмкіндігін өткізіп алған, - дейді басқарма басшысы Қанат Тұрдиев.

Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 17,6% немесе 13 адамның қызылшаны Алматы, Атырау қалаларында, Түркия және Тәжікстан елдерінде жұқтырғаны анықталды.

Науқастармен байланыста болған 68 адамға қызылшаға қарсы екпе егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 31 бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары