$ 441.66  475.14  4.86

Ұлыбританияда 11 жасар қыз жүкті боп қалған

Ұлыбритания полициясы 11 жасар қыздың жүкті болуы туралы мәліметті тексеріп жатыр. Егер кішкентай қыз аман-есен босанса ол ең жас ана ретінде рекордтар кітабына енеді деп жазады The Independent.

Әзірге жүкті қыздың аты-жөні мен өзге де жеке мәліметтері айтылмай отыр. Белгілісі, оның айы-күні жақындап, жақын күндері босануы тиіс. Құрсақтағы шарананың әкесі де кішкентай жеткіншек екен, баланың жасы қыздан сәл ғана үлкен деп жазады Mirror.

Айта кетейік, әлемдегі ең жас ана деген статусқа Ұлыбританияның тұрғыны ие. Ол 2012 жылы 12 жасында босанған. Ол кезде баланың әкесі небәрі 13 жаста болған көрінеді. Екеуі де Англия астанасында тұрады.

Ал, 2006 жылы 12 жасында босанған тағы бір британдық қыз Тресса Мидлтон биыл екінші баласын босанады. Алғашқы сәбиін ол өзінің туған ағасынан босанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары