$ 443.85  474.3  4.8

Астанадағы Орталық әмбебап дүкені сүрілетін болды

Астанадағы Орталық әмбебап дүкенінің ғимараты тұтастай сүрілетін болды. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

"Айта кету керек, Астанадағы ОӘД орнына жаңа сауда кешенін салуды көздейтін жаңа жобаны биыл қарастыратын боламыз. ОӘД ғимараты келесі жылы сүрілетін болады", - деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше жергілікті тұрғындардың бірі әлеуметтік желі арқылы ОӘД-нің күзет қызметіне наразылығын білдірген болатын. Оның айтуынша, сауда үйінің күзетшілері ұрлық дерегінің орын алғанын айтып, ғимарат есіктерін түгел жауып тастаған.

"Бутиктердің бірінде ұрлық болыпты. Күзетшілер есіктердің бәрін жауып, күдікті әйелді тексеруге кірісті. Әйелді жартылай жалаңаш шешіндіріп, түк таппаған соң кешірім де сұрамай, теріс бұрылып кетіп қалды", - делінген астаналық тұрғынның шағымында.

Әсет Исекешев болса өз жауабында ОӘД күзетшілерімен міндетті түрде тәрбие жұмыстарын жүргізетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары