$ 494.87  520.65  4.91

Қанат Исламды жеңген боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

«Әлімханұлы мені елемей жүр».

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Британдық боксшы Джимми Келли (27-3, 10 КО) WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) қарсы рингке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылы Джимми Қазақстанның тағы бір өкілі Қанат Исламды (29-1, 22 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. 15 қарашада Келли ProBox TV шоуының аясында Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ)аргентиналық Хуан Хосе Веласкомен (24-5, 15 КО) жұдырықтасады.

— Көп жылдар бойы Жәнібекке ұсыныс тастап келемін. Бүгінге дейінгі қарсыластарына қарағанда мен танымалмын. Мен Қанат Исламды жеңдім, ол [Әлімханұлы] мені елемей жүр. Жекпе-жекке шығаруға мәжбүрлей алмаймын, - деді Келли.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары