$ 494.87  520.65  4.91

5 мың теңгелік банкноттар 2024 жылдың соңына дейін ғана қолданылады

Бүгін Ұлттық банк жаңа банкноттардың үлгісін таныстырды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Олардың орнын биыл желтоқсанда қолданысқа берілетін жаңа 5 мың теңгеліктер басады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Ұлттық банк жаңа банкноттардың үлгісін таныстырған болатын:

Жаңа 5 мың теңгелік банкноттар биылғы желтоқсанда қолданысқа енгізіледі. Ал ескі банкноттар 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін айналымда болады.

Жаңа үлгідегі банкноттар мен ескі үлгідегі банкноттар қатар айналыс кезеңінде (2023 жылғы 25 желтоқсан мен 2024 жылғы 24 желтоқсан аралығы – ред.) заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдардың барлық түрлерін жүзеге асыру, банктік шоттарға есептеу үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануға міндетті, – делінген қаулы жобасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары