$ 439.4  473.54  4.76

Алматы-Қорғас тас жолында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Республикалық автожолдың 333 шақырымында болған. 

Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Алматы - Қорғас тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.

«Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды. Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды», - делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары