$ 443.44  480.51  4.88

Бишімбаевтың ісінде тергеушілер неге ауыса береді – ІІМ түсініктеме берді

(Қылмыстық істі) жалғыз бір адам тергемейді, топ болып тергеуі мүмкін.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бірінші күні оқиға орнына кезекші тергеу тобы жіберіледі. Ертеңінде тергеу басқа маманға тапсырылуы мүмкін. Сондықтан осындай мәлімет тарап жатқан шығар. Қайталап айтамын. Бірінші күні оқиға орнына арнайы топ шығады. Одан кейін (іс) арнайы бір адамға тапсырылады. Оның жанында тағы тергеушілер болады. (Қылмыстық істі) жалғыз бір адам тергемейді, топ болып тергеуі мүмкін, - деді Қожаев.

Оның айтуынша, осы іс бойынша сот-медициналық сараптамасы әдетте бір ай жүргізіледі.

Өздеріңіз естіп жатырсыздар, бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Соның нәтижесінде кім қандай жауапқа тартылады, (оның кінәсі) анықталады,  - деп түсіндірді  министрдің бірінші орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары