$ 439.43  473.31  4.82

20 миллионыншы болып туған 5 балаға 2 млн теңгеден беріледі

Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады.

Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі, - деді Ләззат Ибрагимова.

Айта кетейік, қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ақжолтай жаңалықпен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары