Барлығына шын жүректен ризамын.
Нұрсұлтан Назарбаев інісінің қазасына байланысты Астанадағы бас мешітте ас берді. Нұрсұлтан Назарбаевқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, діни қызметкерлер көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы nazarbayev.kz сайтына сілтеме жасап.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев қолдау білдірген қауымға алғыс айтты.
Отбасымыз үшін қиын күнде президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты, бірқатар мемлекет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Қазақстан азаматтары жанашырлығын көрсетіп, қолдау білдірді. Барлығына шын жүректен ризамын, - деді Назарбаев.
Оған марқұмның туыстары, оның ішінде Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев, Тимур Құлыбаев, Нұрсұлтан Назарбаевтың әпкесі Әнипа Назарбаева қатысты.