Бойы 128-130 см, арық денелі, қоңыр көзді, аққұба шашты.
17 қарашада сағат 21.48-де Павлодар облысындағы ТЖД-ға Екібастұз қаласына қарасты Бесқауға ауылында 2015 жылы туған бала жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Хабарлама келіп түскеннен кейін құтқарушылар, кинологтар, полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер бірден қызды іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Жергілікті аймақта жедел штаб ұйымдастырылды.
Анықталғандай, сағат 16:00 шамасында 39 жастағы келіншек үш баласымен ауылдан 15 шақырым жердегі шаруа қожалығында орналасқан күйеуіне демалысқа шығуға дайындалған. Милананың қызы барудан бас тартып, үйден шығып кеткен. Кейін ауыл тұрғындары қызды ауылдан бір жарым шақырым жерде көріп қалған.
Полицияға хабарланды, баланың жоғалғаны туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылды, іздеуге Vita еріктілері мен мүдделі азаматтар қосылды.
Хабар-ошарсыз кеткен 2015 жылы туған Милана Давыдова Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылындағы мектептің 3-сынып оқушысы. Бойы 128-130 см, арық денелі, қоңыр көзді, аққұба шашты. Ол сары немесе қара күртеше, ашық жасыл колготка, сұр күртеше және қара етік киген.
Іздестіруге барлығы 321-ден астам адам, 38 бірлік техника, 1 авиаборт қатысады.
Жоғалған адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.