$ 443.44  480.51  4.88

«Газа деген жер енді мүлде жоқ»: Ердоған Германия канцлеріне мәлімдеме жасады

Қолымыз бен тіліміз байланып қалса, тарих алдындағы жауапкершілікті көтере алмаймыз.

Фото: Instagram rterdogan
Фото: Instagram rterdogan

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуінде Израильдің соққыларының нәтижесінде Газа секторы толығымен жойылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

13 мың палестиналық балалар, әйелдер мен қарттар қаза тапты. Газа деген жер енді жоқ, ол жердің бәрі қирады. Израиль мыңдаған палестиналықтарды өлтіріп жатыр, ауруханаларға, ғибадатханаларға, шіркеулерге шабуыл жасауда. Мұсылман ретінде мені осы мәселе алаңдатады. Сіз христиан ретінде осы шіркеулердің қиратылуына алаңдамайсыз ба? Неге айтпайсыз? Біз еврейлер, христиандар және мұсылмандар арасында кемсітушілік жасамауымыз керек, – деді Ердоған.

Ол халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелері Таяу Шығыста әділ және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керектігін баса айтты. 

Болып жатқан жағдайға қатысты үнсіз қаламыз ба? Қолымыз бен тіліміз байланып қалса, тарих алдындағы жауапкершілікті көтере алмаймыз, – деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары