$ 441.66  475.14  4.86

Бүгін - ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Ел диқандары мен шаруалары атаулы мерекеге биыл да зор табыспен жетіп отыр. 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

19 қарашада елімізде ауылшаруашылық қызметкерлері күні атап өтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Ел диқандары мен шаруалары атаулы мерекеге биыл да зор табыспен жетіп отыр. 

Ауыл шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру – стратегиялық міндет. Оның дамуына ықпал ету – мемлекеттің ғана емес, фермерлердің алдындағы маңызды міндет.

Ауыл шаруашылығы шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары