$ 441.66  475.14  4.86

Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Фото: © Андрей УДАРЦУВ
Фото: © Андрей УДАРЦУВ

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 1-ракеткалары Г.Ломакин мен ресейлік Евгений Филиппов финалда италиялық Томассо Компануччи – сербиялық Виктор Йовичпен бас жүлде үшін сынға түсті.

Италиялық-сербиялық дуэттің доданың 2-ракеткалары болып тіркелгеніне қарамастан, ойын тағдыры екі сетте шешілді.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, 25 жастағы қазақстандық теннисші аталмыш турнирде жұптық сында үздік шықты. Соның нәтижесінде Г.Ломакин ATP Live жұптық рейтингісінде 321-ден 316-сатыға көтеріліп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары