$ 443.37  474.49  4.83

Илон Маск Starship ғарыш кемесін ұшырды

"Мақсатқа бір қадам жақынбыз!" - деп жазды ол.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Илон Масктың SpaceX компаниясы Starship ғарыш кемесін ұшырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғарыш кемесі сенбі, 18 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де Техастағы Бока-Чика ғарыш айлағынан ұшырылған. SuperHeavy зымыраны Starship-ті ғарышқа шығарған.

Кеме Жерді айналып өтуі керек еді, содан кейін Гаваий аймағындағы Тынық мұхитына құлауы керек болған. Алайда ұшырылғаннан кейін кемемен байланыс сегіз минуттан кейін жоғалып кетті. Осыдан кейін SpaceX Starship өзін-өзі жою мүмкіндігі іске қосылғанын хабарлады. Оқиғаның себептері әлі анық емес.

Алайда Илон Маск сынақтарды үлкен жетістік деп атады.

"Мақсатқа бір қадам жақынбыз!" - деп жазды ол Х желісінде.

SpaceX компаниясы да сынаққа қатысқандардың бәрін сынақты сәтті өткізуімен құттықтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары