$ 441.66  475.14  4.86

Актер Ерік Хамидуллаев жұбайы мен қызын перзентханадан шығарып алды

Бұл қуанышын Хамидуллаев Instagram парақшасында бөлісті. 

Фото: instagram.com/khami93
Фото: instagram.com/khami93

Актер Ерік Хамидуллаев жұбайы мен қызын перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайы Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің тұңғышы дүниеге келген. Бұл қуанышын Хамидуллаев Instagram парақшасында бөлісті. 

"Аллаға шүкір! Құттықтауларыңызға рахмет, - деп жазды актер. 

Айта кетейік, Ерік Хамидуллаев 2022 жылдың желтоқсанында сүйіктісі актриса Ақниет Беласароваға үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Ал наурыз айында жұлдызды жұп үйленді.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың отбасына ақ тілегін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары