$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы үш тәулікте күн райы қалай құбылады

Қазақстанның басқа аумағында ауа райы қалыпты болады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

21-23 қараша аралығында Қазақстанның көп бөлігі белсенді циклон ықпалында болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21-23 қарашада жаңбыр мен қар болжанады. 22 қарашада елдің батысы, солтүстік батысында, 22-23 қарашада оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, қалың қар түседі.

Республика бойынша желдің екпіні 15-28 м/с дейін күшейіп, солтүстік бөлігінде оған боран мен көктайғақ болады.

Кезең соңына қарай елдің батысында ауа температурасы 2-12 градусқа дейін түседі. Шығыста температура түнде 8-13 градус аяздан 0-5 градусқа дейін жылиды. Қазақстанның басқа аумағында ауа райы қалыпты болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары