$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда жүйелі түрде ұрлық жасаған ерлі-зайыптылар ұсталды

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

 

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД

Алматыда бірқатар ұрлық жасаған ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде 50 және 52 жастағы ерлі-зайыптылардың екі рет бөтеннің мүлкін ұрлауға қатыстылығы анықталды.

Бірінші жағдайда олар «Ақсай-2» шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткен. Жақында тағы да біреудің мүлкін ұрлау дерегі тіркелді. Бұл жолы ерлі-зайыптылар бөтен біреудің «Macbook» компьютерін ұрлап кетті. Оның үстіне екі ұрлық та бейнекамераға түсіп қалған. Ұсталғандар Алматы облысының тұрғындары, олар өз кінәларын толық мойындады. Ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, – деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары