$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның бұрынғы тұрғыны Ресей паспортын алып, соғысқа аттанды

Осы жерде ол әйелімен бірге Ресей азаматтығын алып, Украинаға қарсы соғысқа баруға шешім қабылдады.

 

 

Фото: berdsk-bn.ru
Фото: berdsk-bn.ru

Ресейдің Бердск қаласында Павел К. есімді Қазақстан азаматы мен оның зайыбына Ресей төлқұжаты тапсырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Berdsk-bn.ru басылымының жазуынша, 20 қарашада құжатты оған салтанатты түрде қала мэрі Роман Бурдин мен қалалық кеңестің төрағасы Владимир Голубев табыстаған.

Қазақстан азаматы Бердск қаласына жұмыс бабымен келген екен. Осы жерде ол әйелімен бірге Ресей азаматтығын алып, Украинаға қарсы соғысқа баруға шешім қабылдаған.

Бердск мэриясы Павел К.-ны Новосібір облысынан соғысқа аттанып, Ресей азаматтығын алған алғашқы шетел азаматы деп мәлімдеді.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығы бойынша шетелдік азаматтар әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарт жасасқан кезде жеңілдетілген тәртіпте Ресей азаматтығын ала алады. Олардың отбасы мүшелері де төлқұжат алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары