$ 443.72  482.28  4.9

Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылады

Осыған дейін № 27, 49, 56, 66 және қала маңындағы № 328, 329 маршруттар іске қосылды.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жаңа автобустарды жеткізу аясында 23 қарашада Астанада № 84 жаңа бағыт «Дәстүр» тұрғын үй кешені – «Қ.Рысқұлбеков көшесі» қатынасы арқылы іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы CTS-ке сілтеме жасап.

Маршрутқа 10 автобус қызмет көрсетеді. Олар Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы қатынайтын болады. Осылайша, елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасы жақсарады.

Сондай-ақ, бұл «Дәстүр» ТК мен Қ.Рысқұлбеков көшелерінің арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ұлы дала, Р.Қошқарбаев даңғылдарында, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынов, Қ.Рысқұлбеков көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді арттырады. Қолданыстағы мына маршруттардың жүктемесін азайтады: №№ 14, 32, 49, 50, 56.

Айта кету керек, бұл Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы іске қосылған 2-ші бағыт және биыл іске қосылған 7-ші жаңа бағыт.

Осыған дейін № 27, 49, 56, 66 және қала маңындағы № 328, 329 маршруттар іске қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары