«Облыс әкімінің жауабы әлеуметтік желілерде бұрмаланып таратылды».
Киік етін өңдеу зауытын салу үшін шетелдік инвесторларға жер берілмейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеген.
Облыс әкімінің аталған сұраққа жауабы толық нұсқада берілмей, контексттен алынып, әлеуметтік желілерде бұрмаланып таратылды,- делінген хабарламада.
2023 жылдың 18 қарашасында облыс әкімі Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесіп, шетелдік инвесторларға жер сатылмайтынын және жалға берілмейтінін айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін қытайлық инвесторлар киік етін өңдейтін зауыт салу үшін Батыс Қазақстан облысынан 100 мың гектар жер сұрағаны туралы ақпарат тараған.