Израиль БАҚ-ның мәліметінше, алғашқы кепілге алынғандар бейсенбі күні босатылуы мүмкін.
Израиль мен ХАМАС кепілге алынған израильдіктердің кейбірін босату, соғыс қимылдарын тоқтату және кейбір палестиналық тұтқындарды Израиль түрмелерінен босату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ВВС сайтының жазуынша, келісім нәтижесінде бірнеше шаралар қабылдаған.
Мәселен, ХАМАС кепілге алынған 50 израильдік бейбіт тұрғынды, әйелдер мен балаларды босатты. Ал Израиль Газа секторында атысты 4 күнге тоқтататын болды. Сонымен қатар, келісім бойынша ХАМАС бес бойы атысты тоқтату кезінде «ұрланған» 30 баланы, сегіз ананы және тағы 12 әйелді босатуы керек.
Израиль мен Хамас арасындағы келісімге делдал болған Катар билігі содырлар кем дегенде 50 израильдік тұтқынды босатады, гуманитарлық көмекті жеткізу үшін Газада төрт күндік бітім жарияланады. Кейбір палестиналық тұтқындарды босатады деп Израиль мен Хамастың келісімге келгенін ресми түрде жариялады.
Келісімде қазіргі уақытта Газа секторында қамауда отырған 50 азаматтық әйел мен баланы босату, оның орнына Израиль түрмелерінде ұсталған бірнеше палестиналық әйелдер мен балаларды босату қарастырылды. Босатылатындардың саны келісімнің кейінгі кезеңдерінде ұлғайтылады, – делінген Катар Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Келіссөздерге Мысыр мен АҚШ өкілдерімен қатар Катар билігі де қатысты. Вашингтон бұған дейін келісімді орындау Катар билігі жариялаған соң «шамамен 24 сағаттан кейін» басталатынын хабарлаған.
Ал Израиль БАҚ-ның мәліметінше, алғашқы кепілге алынғандар бейсенбі күні босатылуы мүмкін.