$ 443.44  480.51  4.88

Жәнібек Әлімханұлы: Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді

Соңғы жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңген. 

 

 

Фото: @janibek_alimkhanuly
Фото: @janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC титулының иегері Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақыртуын қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Енді қазақ боксшысы оған жауап берді.

Чарло? Мен оны оңай нокаутқа түсіре аламын! Чарломен жекпе-жек болса, «Жәнібек оны жеңе ала ма?» деген сұрақ туындамайды. Көптің көкейінде тек «Чарлоны Qazaq style қай раундта қандай соққымен құлатады екен?» деген сұрақ қана болады! Мен қазір өз биігімдемін. Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді. Ірі сөз. Ірі іс, – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Нәтижесінде екінші чемпиондық белбеудің иегері атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары