$ 494.87  520.65  4.91

Жоғары соттың судьясы қызметінен босатылды

Оның сот жүйесінде 19 жылдан астам тәжірибесі бар.

Фото: sud.gov.kz
Фото: sud.gov.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы Мейрамбек Таймерденов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сенат отырысында Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп президенттің Таймерденовты қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

Сіздердің қарауыңызға Мемлекет басшысы Мейрамбек Таймерденовтің судья лауазымында болуының шекті жасына, яғни 65 жасқа толуына байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді, – деді Денис Шипп.

Ұсынысты мәлімдеген Денис Шипп Таймерденовты Жоғарғы Соттың қызметінен босатуды ұсынды. Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Айта кетейік, Мейрамбек Таймерденов – 2019 жылы Жоғары Сот судьясы болып сайланды. Оның сот жүйесінде 19 жылдан астам тәжірибесі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары