Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтап отыр.
Гвадалахара қаласында (Мексика) өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, Айсамал Сансызбаева 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні бағындырды.
Қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруден 107 келіні еңсеріп, кіші күміс медалді жеңіп алды. Ал серпе көтеруден 143 келі нәтижемен кіші алтын жүлдеге ие болды.
Тағы бір отандасымыз Егор Шерер 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс бойынша 334 (153+181) келі көрсеткішпен 7-орыннан көрінді.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтап отыр.
Бұған дейін Едіге Емберді алтыннан алқа тағып, ел байрағын биікке көтерген болатын.
44 елден 229 қатысушы жиналған жаһандық додада ел намысын бес спортшы қорғады.