24.11.2023, 13:00

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы депутатқа тұрмысқа шықпақ (ВИДЕО)

Фото: instagram/rakhmonova___

Бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі.

Аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің орта салмақтағы бесінші нөмірлі спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова тұрмысқа шығады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемнің үздік лигасында өнер көрсетуге ұмтылып жүрген Сора Рахмонованың таңдауы бразилиялық джиу-джитсудан бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа түскен. 

БАҚ өкілдері спортшылардың тойы 10 желтоқсан күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтетінін жарыса жазып жатыр.