$ 442.05  474.14  4.74

Шымкентте бір-бірімен жарысқан екі автобус апатқа ұшырады

Қатты соғылдым, жанымда адамдар ұшып жатты ғой, құлап жатты.

Фото: КТК сюжеттен алынды
Фото: КТК сюжеттен алынды

Шымкентте екі автобус соқтығысып, оннан астам адам жарақат алды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жол апатына қоғамдық көліктердің жарысуы себеп болған.

146-да отырған едім, бағдаршамда бұрылып тоқтады, адам түсірді. Бір адам шықты, екіншісі үлгермеді. Арт жақтан автобус келіп соқты. Екеуі жарысқан дей ме, білмеймін ғой. Апаттан көзім қарауытып кетті. Қатты соғылдым, жанымда адамдар ұшып жатты ғой, құлап жатты, – дейді зардап шеккен жолаушы Бибіажар. 

Оқиға қаланың әкімшілік іскерлік орталығында болды. Күндізгі сағат 11 шамасында қос автобустың ішінде жолаушы көп болмапты. Адамдарды түсіріп тұрған көліктің артына соғылған автобус жүргізушісі қазір тергеліп жатыр. Жарақат алғандардың тоғызы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Жеңіл жарақат алған жетеуі ем-домнан соң үйіне жіберілсе, екі науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Оның біреуі 31 жастағы аяғы ауыр келіншек.

Мамандар тексеріп қарады, бәрі алгоритм бойынша тексеріп жатқызды. Қазір жағдайы орташа ауыр. Қауіп жоқ, – дейді Шымкент №1 клиникалық ауруханасының хирургы Мадияр Дүйсенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары